1. Жұрналға “ Windows үшін Word 7,0 (`97, 2000)” (кегль-12 пункт, гарнитура-Times New Roman/KZ Times New Roman) мәтіндік редакторда компьютерде терілген, беттің бір жағында біржарым жоларалық интервалмен, беттің жан-жағы 2 см шетімен басылған мақала қолжазбасы және барлық материалдары бар СD диск қабылданады.
2. Аңдатпа, әдебиет, кестелер және суреттері бар мақаланың әдеттегі ұзындығы 10000 әріптен аспауы керек.
3. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін мақалаға ғылым докторы немесе кандидаты сын пікірімен тіркелуі керек.
4. Мақалалар келесі ережелерге сәйкес рәсімделуі керек:
- Әмбебап ондық жіктеу кестесі бойынша ӘОЖ;
-мақала орналасатын бөлімнің атауы;
- мақаланың үш тілде атауы (орыс, қазақ, ағылшын): кегль – 14 пункт, гарнитура – Times New Roman Cyr (орыс, ағылшын тілдері үшін), KZ Times New Roman (қазақ тілі үшін), бас, қалың әріп, абзац орталықтандырылған;
- автордың (-лардың) аты-жөнінің бас әрпі мен фамилиясы, мекеменің толық атауы, жұмыс орны мен лауазымы үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын): кегль – 12 пункт, гарнитура – Arial (орыс, ағылшын және неміс тілдері үшін), KZ Arial (қазақ тілі үшін), абзац орталықтандырылған;
-қазақ, орыс және ағылшын тілінде аңдатпа: кегль - 10 пункт, гарнитура – Times New Roman (орыс, ағылшын және неміс тілдері үшін), KZ Times New Roman (қазақ тілі үшін), курсив, оң жақтан-сол жақтан бос жер – 1 см, бір жоларалық интервалмен. Аңдатпада зерттеуді жүргізу себебі мен олардың нәтижелерін маңыздылығын баяндау керек. Зерттеу туралы негізгі ақпарат бар сөйлемнен басталып, кейін өз жұмысыңыздың қысқаша егжей-тегжейлігін, мақсаты мен әдістерін (егер мақала әдістер немесе техникаға бағытталған болса) жазыңыз және қорытынды шығарыңыз. Соңғы сөйлемде оқырмандар түсінетін тұжырым жазу керек. Әрбір аңдатпа 120-130 сөзден кем болмауы керек;
- үш тілде (орыс, қазақ, ағылшын) түйінді сөздер, 5-6 сөз.
- мақала мәтіні: кегль - 12 пункт, гарнитура – Times New Roman (орыс, ағылшын тілдері үшін), KZ Times New Roman (қазақ тілі үшін), біржарым жоларалық интервалмен. Мәтінді зерттеудің маңыздылығы сипатталған қысқаша кіріспеден бастаған жөн. Техникалық терминдер, қысқартулар мен бас әріптерге анықтама беру керек;
- қолданылған әдебиеттер тізімінде (қолжазбадағы сілтемелер мен ескертпелер қолжазбадағы нөмірмен және квадрат жақшада жазылады) жаңа дереккөздер болуы керек. Әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7.1-84. Сәйкес рәсімделуі керек – мысалы:
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Автор. Мақала атауы // Жұрнал атау. Басылып шыққан жылы. Том (мыслы, Т.26.) нөмірі (мысалы, № 3.) бет (мысалы Б. 34. Немесе Б. 15-24.)
2. Андреева С.А. Оқулық атауы. Басылып шыққан жері (мысалы, М.:) Баспа (мысалы, Наука,), Басылып шыққан жылы. Оқулықтағы беттердің жалы саны (мысалы, 239 с.) немесе нақты бет (мысалы, Б. 67.)
3. Петров И.И. Диссертация атауы: биол.ғылымд.канд. дис. М.: Институт атауы, жыл. Беттер саны.
4. C.Christopoulos, The transmisson–Line Modelling (TML) Metod, Piscataway, NJ: IEEE Press, 1995.
Бөлек бетте автор жөнінде мәліметтер беріледі:
- аты-жөні толығымен, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, жұмыс орны, («Біздің авторларымыз» белімінде жариялау үшін);
- толық пошталық мекенжайлары, қызмет және үй телефондары, Е–mail (редакцияның авторлармен байланыс жасау үшін, жарияланбайды);
- автор (-лар) фамилиясы мен мақала атауы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде («Мазмұны» үшін).
4. Суреттер. Суреттер тізімі және сурет астындағы жазбалар бөлек беріледі және мақала мәтініне енгізілмейді. Әрбір суреттің сырт жағында оның нөмірін, суреттің атауын, автор аты-жөнін, мақала тақырыбын көрсеті керек. CD дискіде суреттер мен иллюстрациялар ТIF немесе JPG пішімінде 300 dpi рұқсатымен («Сурет 1», «Сурет 2», «Сурет 3» және т.б. атауларымен) беріледі.
5. Математикалық формулалар Microsoft Equation түрінде (әрбір формула – жеке нысан) теріледі. Сілтемелері бар формулаларды ғана нөмірлеу керек.
6. Автор мақаланың мазмұнына жауап береді.
7. Редакция мақаланың әдеби және стилистикалық өңдеуімен айналыспайды. Талаптардың бұзылуымен рәсімделген мақалалар басылымға жіберілмейді.
8. Қолжазба мен материалдары бар CD дискі мына мекенжайға жіберілуі керек:
140002, Қазақстан республикасы, Павлодар қ., Мир к., 60,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты,
Биоценология және экологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы.
Тел. 8 (7182) 552798 (ішкі. 263), факс: 8 (7182) 651621
немесе мына е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жұрналдың жауапты хатшысы б.ғ.к. Сарбасов Нұрлан Сағындықұлы
Біздің реквизиттер:
ҚР БжҒМ «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚ РМК
БИН 040340005741
РНН 451500220232
ИИК KZ609650000061536309
«Forte bank» («Альянс Банк») АҚ
БИК IRTYKZKA
ОКПО 40200973,
КБЕ 16.
Түбіртекте «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» жұрналында жарияланым үшін деп көрсету керек
ЖҰРНАЛҒА МАҚАЛАНЫ СЫН ПІКІРЛЕУ ТӘРТІБІ
СЫН ПІКІР ПІШІМІ
«Қазақстанның биологиялық ғылымдары» жұрналының редакциясына
«Қазақстанның биологиялық ғылымдары» жұрналына жарияланым үшін ұсынылған авторлардың (авторлардың тізімі) (мақаланың тақырыбы)
сын пікір
Сын пікір мәтіні
Сын пікірде ұсынылатын мақаланың келесі сипатына назар аударуыңызды сұраймыз:
— Мақаланың көкейтестілігі мен түпнұсқалығы;
— Мақаланың теориялық тұтастылығы және / немесе практикалық маңызы;
— Мақала тақырыбы бойынша жарияланған материалдардың пайдаланылуы;
—Мақала материалының құрылымдылық дәрежесі;
— Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің толықтығы мен дұрыстылығы;
— Оқырман үшін мақала мәтінінің баяндалу стилінің жүйелілігі және түсініктілігі;
— Қателер мен техникалық кемшіліктің болуы;
— Эмпирикалық зерттеулердің нәтижесін көрсететін мақалалар үшін:
— Зерттеудің таңдап алынған әдіснамасының жұмыстың қойылған мақсаттарына сәйкес болуы;
— Алынған нәтижелерді түсіндіру дұрыстығы;
— Маақалада берілген қорытындының дәлелділігі.
Сын пікір берушінің тұжырымдамасы
Мен, (аты-жөні) авторлардың (авторлар тізімі) (мақала тақырыбы) мақаласын жұрналдың тақырыбына сәйкес/сәйкес емес мақала ретінде «Қазақстанның биологиялық ғылымдары» жұрналына жарияланымға ұсынамын.
Қосымша келесі тұжырымдамалардың бірін беруді сұраймыз:
— Мақала жарияланымға түзету жасалмай ұсынылады;
— Мақала сын пікір берушінің ескертулерін есепке алу жағдайында ұсынылады (қайта сын пікір берілмей);
— Мақала жарияланымға түзету және қайта пікір беру жағдайында жариялануға ұсынылады.
Сын пікір беруші туралы мәлімет
Тегі, Есімі, Әкесінің аты
Ғылыми дәрежесі,
Ғылыми атағы
Лауазымы, жұмыс орны (мекеменің толық атауы)
E-mail және байланыс телефондары
Күні және сын пікір берушінің жеке қолы