Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтыныуң ғылыми кітапханасы – Ертіс Павлодар өңірінің аумағындағы педагогикалық бағыттың бірінші жоғары оқу орны кітапханасы. 1962 жылы институттың кітапханасы ретінде ашылып, бірге дамып, тәжірибе жинап, оңтайландыру және қайта құрудың ауыр заманын кешті.
Өткенді еске алып 1962 жылы жас педагогикалық жоғары оқу орнының кітапханасын құру бойынша күрделі жұмысты Е.Р.Черникова басқарды. 1962 жылдың 9 қарашасында инвентарлық кітапқа бірінші жазу жасалды, бұл «Орысша-неміс сөздік» болды, ал айдың аяғында №1 инвентарлық кітап аяқталды, кітапхана қорында 5 мың кітап болды. Кітапханаға кітаптар КСРО-ның ірі жоғары оқу орындарынан келіп түсті, жас институтқа белгілі ғалымдар, жоо оқытушылары, оқырмандар кітаптарды сыйға тартты.
1963 жылы абонемент және оқу залы бөлінді, 1967-68 оқу жылында кітапхана штатында библиограф пайда болды. 60 жылдардың соңында институт кітапханасында тұтас жұмыс жүйесі қалыптасты. Жаңа кітаптардың байқаулары өткізілді, кітап комплекттері жазғы дала практикасына берілді. Оқытушылар үшін кітапханааралық абонемент қызметтері ұсынылды. Кітапханашылар ұсынымдық библиографиялық тізімдерді құрастырды, әдеби қабырға газеттерін шығарды, фотостендттерді ресімдеді.
Студенттер үшін үнемі әдеби кештер, оқырман конференциялары, «Наука и жизнь», «Знание - сила», «Юность», «Москва» атты журналдарға шолулар жасалды. Бұл кітап оқылудың және кітапханалық қордың айналымдылығының өсуіне ықпал етті.
1973 жылдың жазғы маусымында биология-химия факультетінің жаңа корпусында екінші қабатта абонемент және оқу залы орналасты, ал негізгі кітап қоймасы астыңғы қабатта орналасты. Сол уақытта кітапханада 8 адам жұмыс істеді.
Жылдан жылға институт кітапханасы өзінің қызметтерін кеңейтті және 1976 жылы Павлодар қаласы педагогикалық училищесінің кітапханасына әдістемелік көмек көрсетуді бастады. Аталмыш жылдың жаңалығы көп даналы оқу әдебиеттерін инвентарсыз есепке алуды енгізу болды, бұл жаңа әдебиеттерді өңдеу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Оқу залында оқырмандарға қоғамдық-саяси әдебиеттерге ашық қол жеткізу ұйымдастырылды. Жетпісінші жылдарда кітапхана қызметкерлері студенттерге арналған ірі көпшілік іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге көп жұмыс жасады. ППИ ғылыми кеңесі 1975 жылдың сәуір айында кітапхананың есебін тыңдап, қор мен анықтамалық аппаратты қалыптастыру, студенттермен мәдени-ағарту жұмысты өткізу бойынша ұжымның атқарған үлкен жұмысын белгіледі.
1979 жылы ҚазСР білім беру министрлігінің шешімімен кітапхана IV санатқа көшірілді, бұл құрылымда дербес технологиялық бөлімдерді бөлуге, штатты көбейтуге мүмкіндік берді. Бұл оқырмандарға қызмет көрсетуді маңызды жақсартуды қамтамасыз етті. Оқу үдерісін тиімді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында рейтерлік карталарда кітаппен қамтамасыз ету картотекасы жасалды. Қордың көбеюіне байланысты 1981 жылы кітап сақтау алаңдарын кеңейткен бөлмелердің қайта құруы жасалды.
1996 жылы кітапхана өзінің дербестігін жоғалтты. ППИ-ді жоюға байланысты педагог кадрларды даярлау Павлодар мемлекеттік университетіне берілді, педагогикалық институттың кітапханасы С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кітапханасының филиалы болды.
Университет кітапханасының құрылымында жұмыс істеген жылдар оңай болған жоқ. Факультеттер мен кафедраларды университеттің бас ғимаратына көшіруге байланысты бағдарлы оқу қорының маңызды бөлігі ПМУ ҒК негізгі кітап қоймасының қорына берілді. Кітапхана штаты мен жаңа әдебиеттердің түсімі де кенет қысқартылды. Сол күрделі кезең тек шығындармен ғана әйгілі болған жоқ. 1997 жылы мерзімді басылымдардың жаңа оқу залы ашылды, 1998 жылы «Сорос-Казахстан» қорының гранты бойынша кітапхана бірінші компьютерін және интернет қорларына тегін қол жеткізуді алды, 1999 жылы кітапханашылар «Библиотека 4.0» бағдарламасының базасында электронды каталогты жасауға кірісті, 2001 жылы кітапхана құрылымында медиатека пайда болды. Бүкіл жылдар бойы кітапхана ұжымы ғылыми-педагогикалық ұжыммен серіктестік, орынды қарым-қатынасты сақтап қалды.
Ғылыми кітапхана - жоо ақпараттық орталығы және оқырман көмекшісі
2004 жылы Павлодар педагогикалық институтына дербестікті қайтару кітапхана алдына жаңа даму мүмкіншіліктерін ашты. Бірінші күннен бастап жоода кітапханалық қызметтің барлық жақтарын жаңғыртуға бағыт алынды. Кітапхананы қайта құру үдерісін Ахмет Байтұрсыновтың медалімен марапатталған директор В.Ф.Суворова басқарды (2006).
Қысқа уақыт ішінде кітапханашылардың жұмыс орындары компьютерленді, жоо-ның жергілікті желісі арқылы кітапхананың электронды іздестіру жүйесіне тұтынушыларға қол жеткізу қамтамасыз етілді, кітапхананың интернет-залы оқырмандар арасында танымал болды.
2004 жылдың сәуір айынан бастап білім беру және ғылыми қорлардың, электронды журналдардың, дәстүрлі кітаптар мен мерзімді басылымдардың электронды көшірмелерінің жүйелендірілген жүйесі болып табылатын электронды кітапхана қалыптаса бастады. Жаңғырту нәтижелері бойынша жоо-да ақпараттық-библиографиялық қызметті әрі қарай жетілдіру, кітапхана қызметкерлерінің уәждерін арттыру мақсатында және кітапханалық ұжымның жоғары жұмыс деңгейін есепке алып ПМПИ ғылыми кеңесі 2006 жылдың мамыр айында кітапханаға ғылыми мәртебесін берді.
Мерейтойлы 2012-2013 оқу жылының басына қарай ПМПИ ҒК-да негізіне қағаз және электронды тасымалдаушылардағы құжаттамалық қор (500 мың данаға жуық), республикалық және қазақстандық мерзімді басылымдарға жазылу (жылына 400-500 атау), заманауи іздестіру аппараты (электронды каталогқа 165 мың жазу кіреді) және кітапханалық технологияның бағдарламалық қамтамасыз етілуі (ИРБИС-64 БҚ) жататын бай ақпараттық қорлары бар.
Кітапхана қорына үнемі Қазақстан және Ресейдің ең жақсы педагогикалық журналдары, 14-15 мың жаңа оқулықтар, ТМД елдерінің ғылыми конференцияларының материалдары келіп түседі. Әлем корпусының волонтеры мистер Адамстың демеушілік қолдауының арқасында ғылыми кітапхананың оқырмандары ағылшын және америка әдебиеті классикасының түпнұсқа тіліндегі кітаптарды оқуға, заманауи бестселлерлермен танысуға, анықтамалық басылымдармен жұмыс істеу мүмкіндігін алды. Ғылыми кітапхананың ақпараттық қорларына сирек кездесетін кітаптардың коллекциясы мен институт ғалымдарының ғылыми еңбектерінің жинақтары бірегейлікті береді.
Институт кітапханасы өз оқырмандарына ұлттық және халықаралық ақпараттық-білім беру қорларына кең қол жеткізуді ұсынады.
2010 жылы ПМПИ ҒК келісімдер негізінде үкіметтің шешімі бойынша жүзеге асырылатын ҚазҰЭК (Қазақстан ұлттық электронды кітапхана) және РЖЭК (республикалық жооаралық электронды кітапхана) қосылды. Ғылыми электронды кітапханамен лицензияланған келісімнің арқасында eLIBRARY порталында кітапханада Ресейдің ғылыми журналдарының қорларына ашық қол жеткізу ашылды. Абонемент және 5 оқу залы, сонымен қатар электронды және бейнеқұжаттармен жұмыс істеу үшін интернет-зал оқырмандарға қызмет көрсетуде.
2011 жылдан бастап электронды каталогтың базаларына жоо сайты арқылы қашықтағы режімнен қол жеткізуге болады, бұл оқырманның тұратын жеріне қарамастан қорларды пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың негізінде ПМПИ кітапханашылары оқырмандарына ақпаратты электронды жіберу және құжаттарды электронды жеткізу, электронды пошта форматында қашықтағы тұтынушыларға кеңес беру және виртуалды анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету сияқты жаңа қызметтерді ұсынады.
Кітапхананың маңызды жұмысы болашақ педагогтардың білім бұлағы ретінде кітапқа деген құрметін нығайту, олардың кәсіби кітап оқу мәдениетін дамыту. Кітапты оқырманға жақындату, тұрақты оқырмандық қызығушылықты қалыптастыру үшін ПМПИ кітапханашылары кітаптарды кітапханалық ұсыну әдістері мен формаларының барлық арсеналын пайдаланады. Ауызша журналдар, әдеби кештер, жазушылармен шығармашылық кештер, мәдени акциялар, конкурстар, диспуттар мен оқырман конференциялары (жылына 20-дан 30-ға ірі көпшілік іс-шараға дейін) үнемі өткізілуде.
Студенттердің институт жетекші ғалымдарымен кездесулері, өлкетану басылымдардың тұсаукесерлері дәстүрлі. 2009-2011 жылдар бойында кітапхана «Оқуға құштар студент-табысты педагог» атты тақырыптық бағдарлама бойынша мақсатты жұмыс істеді. Кітапханада оқу жылын «Бір ел – бір кітап» акциясымен ашу, ал көктемді кітап және кітап оқу декадасымен қарсы алу дәстүрі пайда болды.
Жылда түркі мәдениеті мен славян жазуы мерекелері, кітап және кітап оқуды қолдау акциялары өткізіледі.
Мәдени акциялардың іс-шаралары жастарға ұлттық ағартушылардың өнегелі сабақтарына, әлем мәдениетінің рухани байлығына бет бұруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның барлық іс-шараларының маңызды ерекшелігі ПМПИ студенттері мен колледж оқушылары пассивті «ақпарат алушылар» болмағандығында, олар талқылауға белсенді қосылып, сценарийлерді әзірлеуге қатысты, өз ерекшеліктерінің сан алуандығын көрсетті.
Кітапханада студенттер мен оқытушылардың активі қалыптасты. Бұл кітап оқу идеясын алға бастырудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді.
2011-2012 оқу жылында кітапхана өз тарихында бірінші рет «ПМПИ студенттері балаларға кітап оқиды» атты студенттік волонтерлік қозғалыстың жобасын жүзеге асырды. Волонтерлік қозғалыстың әлеуметтік миссиясы – әлеуметтік жағынан әлсіз топтардың балаларына көмек көрсету – кітаппен достасу. Жоба Павлодар облысы балалар құқықтарын қорғау департаментінің, «Славян мәдени орталығы» ҚБ, институт бөлімшелерінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Бірақ негізгі жүктеме, әрине, кітапханалық ұжымға тиді. Волонтерлер кітапханашылармен бірге жеті педагогикалық алаңда жұмыс істеді: №2 мектеп-интернат, №4 арнайы мектеп-интернат, Павлодар қаласының тұрақты тұратын орындары жоқ балалы әйелдердің бейімделу және ақтау орталығы, кәмелеттік жасқа келмеген балаларды облыстық айықтыру орталығы, балаларға арналған уақытша асырау баспанасы. Бүкіл оқу жылы бойынша волонтерлер балаларға жиі барып отырды, оларға кітап оқыды, оқығандарын талқылады, бірге ойын ойнап сурет салды. Волонтерлік жобаны жүзеге асыру кезінде ондаған кітаптар оқылды, жүздегені сыйға тартылды. Студенттер өз болашақ мамандығын жақсырақ түсіне бастады, ал олардың тәрбиеленушілері кітаппен достасып, жаңа достарының пайда болғанын түсінді.
ПМПИ кітапханасы – Павлодар мектептерінің серіктесі. Аймақтық білім беру кеңістігінде кітапхана педагогикалық және мектеп білім беруінің маңызды ақпараттық қорының рөлін атқарады. Павлодар облысының мектеп мұғалімдеріне институт ғылыми кітапханасының ақпараттық қорлары мен кітапаналық қызметтеріне еркін кіру құқығы ұсынылған.
Кітапхана ұжымы кітапханалық қызметтің сан алуан формалары мен әдістерін пайдаланады, жеке қызмет көрсетуден мұғалімдердің ақпараттық қажеттіліктеріне бағытталған библиографиялық өнімдерді жасауға дейін.
Кітапханада мектеп мұғалімдерінің кәсіби кітап оқуын ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесі қалыптасты, оған: мектептердің тапсырыстары бойынша жылжымалы көрмелер мен әдебиеттердің библиографиялық тізімдері, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары мен облыс педагогикалық газет беттеріндегі тақырыптық шолулар, қашықтағы режімнен анықтамалық қызмет көрсету кіреді. Мектеп мұғалімдеріне ақпараттық қызмет көрсету мектеп кітапханаларымен кітапханааралық өзара әрекеттесу негізінде жасалады.
2005 жылдан бастап ПМПИ ғылыми кітапханасының базасында мектеп кітапханаларын әдістемелік қолдау қоғамдық орталығы жұмыс жасауда. Орталықтың басты мақсаты – педагогикалық жоғары оқу орнының және жалпы білім беру мектеп кітапханаларының жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету. Өзара әрекеттесудің негізгі бағыттары: облыстың мектеп білімінің жүйесін ақпараттық қостау; мектеп кітапханаларына әдістемелік көмек, мектеп кітапханаларының даму проблемаларын зерттеу. Осы уақыт ішінде ондаған біліктілікті арттыру іс-шаралары, облыстық мектеп кітапханашыларының конкурстары өткізілді, мектеп кітапханаларына арналған библиографиялық құралдар шығарылды, мектеп кітапханаларымен ақпараттық өзара әрекеттесу жүйесі қалыптастырылды, жоо сайтында «Мектеп кітапханашысына» деген тарау бар. Мектеп кітапханашыларының арасында ПМППИ ҒК мамандары даярлаған «Мектеп кітапханашысының әдістемелік көмекшісі» атты электронды жинақ жақсы танымал. Жылдан жылға Павлодар облысының мектептері мен ПМПИ ғылыми кітапханасы арасындағы тұрақты кәсіби байланыстар қалыптасуда, өзара көмек көрсету және ынтымақтастық дәстүрлері пайда болуда.
2009 және 2011 жылдарда ПМПИ ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Кітап.Уақыт.Қоғам» атты ғылыми конференциялар аймақтағы кітапханалық өмірдің маңызды оқиғалары болды. Олар ПМПИ ҒК білім беру және кітапханалық қауымдастықпен ынтымақтастықтың қуатты импульсы болды. Мектеп кітапханашылары педагогикалық институттың кітапханасын өзінің көмекшісі деп есептейтінін сенімділікпен айтуға болады.
2011 жылы кітапханалық ұжымның алдына стратегиялық мақсат қойылды – ПМПИ ҒК қорлары мен қызметтерін кеңейтумен облыстық ғылыми-педагогикалық кітапханаға трансформациялану.
Кітапхананың алтын қорыКітапхана жұмысының табысы нақты адамдарға, кітапханашылардың энтузиазмы мен берілгендігіне байланысты. Кітапханада кітапхананың кәсіби сәттілігінің және ұжым жұмысы стилінің негізін қалаған ардагерлер туралы естелік сақталуда. Кітапханада үлкен құрметпен Е.Р.Черникованы, В.Т.Белошапкинаны, В.Ф. Гаврилюкты еске алады. Көп жылдар бойы қызмет көрсету бөлімін А.Г.Волобоева басқарды. 30 жылдан астам кітапханада Г.М.Вергизова жұмыс істеді, кітаппен қамтамасыз ету картотекасын қалыптастыруды бастағандардың бірі. Г.А. Федоровскаяның және М.С. Ниярованың кітап қорын феноменалды білулері, филология абонементіндегі таңғажайып жақсы атмосферасы филология факультеті ардагерлерінің есінде.
Еңбегінің табыстары мен кәсіби шеберлігі үшін ұжым және жеке қызметкерлер марапаттар мен құрмет атақтарына ие болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Құрметті кітапханашы» атты құрмет белгісімен В.Ф.Суворова және М.А.Анаева марапатталды (2003 ж.).
Әр жылдарда кітапхана ұжымында «Қазақстан Республикасының білім беру үздіктері» - В.Ф. Гаврилюк, А.Г. Волобоева, Т.О. Омуралиева, В.Н. Гусар (1993), Н.А.Колодина (2000) жұмыс істеді.
В.Ф.Василенконың есімімен 70-80 жылдардағы көптеген кітапханалық жаңалықтар байланысты: оқытушылар еңбектері картотекасының негізін қалыптастыру, ППИ 20 жылдығына институт туралы басылымдар көрсеткішін дайындау, бірінші курс студенттеріне топтық қызмет көрсету әдісін енгізу, қорға ашық қол жеткізумен қоғамдық-саяси әдебиеттің оқу залын ашу, институт ғалымдарының шығармашылықтарына арналған электронды көрмелерді және «Жыл кітабы» мерекелерін енгізді.
Қазіргі уақытта ПМПИ ғылыми кітапханасында жоғары білікті ұжым жұмыс істейді. Базалық кітапханалық білімі мамандардың 56% бар, бір қызметкер магистр, ұжымның 22% - 30 жасқа дейінгі мамандар, мамандардың 33% 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Барлық кітапханашылардың компьютерде жұмыс істеу, интернет желісінде ақпаратты іздестіру дағдылары бар. Ұжымда білімге, біліктілікті арттыруға деген талпыныстар қолданады және мадақталады. Жоспарлы түрде әдістемелік семинарлар, кәсіби ақпарат күндері, кәсіби шеберлік конкурстары өткізіледі. Кітапханашылар республикалық, ресейлік және халықаралық конференциялардың жұмысына қатысады, беделді қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықта, белсенді өмірлік ұстанымдары бар.
Қызметкерлердің мақалалары қазақстандық және ресейлік кәсіби журналдарда, жергілікті және республикалық газеттерде жарияланады.
Ұжымда жастарға табыс етілетін өзінің салт-дәстүрлері бар. Олардың ішінде «Мамандыққа көтеруді», диплом алумен құттықтау, мерейтой иесі мен ардагерлерді құрметтеуді атап өтуге болады.
ПМПИ ғылыми кітапханасының алтын қорын өз өмірлерінің ондаған жылдарын білім беруге және кітапқа қызмет көрсетуге арнаған, лауазымы бойынша емес, икемділігі бойынша нағыз кітапханашы болған мамандар құрайды. Бұл мамандар, жуық арада алтын тойларын тойлаған Л.Г.Леднева, М.Н.Мухсинова және В.Н.Нуруллаева. Өзінің өмірін олар кітапханалық қызметке арнады, бірге олар кітаппен толықтыру бөлімінде қызмет етуде.
Ғылыми-библиографиялық бөлімді қазақ мәдениетін торықпас насихаттаушы, студенттік ақындар конкурстары мен кештерін бастаушы және ұйымдастырушы Қ.К.Төлеубаева басқарады.
Қызмет көрсету бөлімін Г.С.Күшпесова басқарады. Әріптестері Г.М.Түлебаева, К.Қ.Зұбайырова, Ә.М.Үскембаева, Ф.Д.Мусинамен ол оқырмандармен үлкен жұмыс атқарады: оқырмандық қызығушылықты зерделеу, жеке жол табу, оқырмандар сыны күні.
Кітапхана қызметкерлері осы жылдар ішінде қалыптасқан ұжымның кәсіби құндылықтарын бөледі: кәсіби шеберлік және ынтымақтастық, бастамашылдық және креативтілік, ашықтық және ынтымақтастыққа дайындық. Кітапханада әр қызметкер институттың позитивті имиджі мен кәсіби беделін құруға өзінің үлесін қосу керектігін түсінеді.

