ПМПИ ғылыми кітапханасы бүгін

Зоголовок(каз)

Е.Бекмаханов атындағы ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

Search

ПМПИ ғылыми кітапханасы бүгін

СНПЧ А7 Курск, обзоры принтеров и МФУ

ПМПИ ҒК миссиясы

Тұтынушылардың тұлғасын дамытуға және қоғам санасында Білім Қоғамының демократиялық және гуманисттік құндылықтарын нығайтуға ықпал етіп, олардың ғылыми, кәсіби және білім қызметінің тиімді өсуін қамтамасыз етумен, кез келген ақпараттық қорларға қол жеткізудің тең мүмкіндіктерін әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, кітапхананың әр тұтынушысына ұсыну.

ПМПИ ғылыми кітапханасы институттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, өзінің негізгі міндетін жоо ғылыми зерттеулері мен гуманитарлық-ағарту қызметінн, оқу-тәрбие үдерістерін кітапханалық-ақпараттық қамтамасыз етуде көреді. ПМПИ ҒК жұмысы институт алдына қойылған стратегиялық міндеттерге сәйкес құрылады. Оны негізгі үдерістер саласында тұрақты ретінде сипаттауға болады: ақпараттық қорлар дамуда, технологиялық үдерістер жетілдірілуде, жаңа жұмыс түрлері енгізілуде. Кітапхана оқу- ғылыми және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысады. Жоо барлық құрылымдарымен кітапхананың көп аспектілі өзара әрекеттесуі жүзеге асырылуда, ПМПИ Кітапханалық кеңесі құрылды.

2010 жылы ақпараттық білім беру қорларына қол жеткізуді кеңейту мақсатында ПМПИ ҒК Республикалық жооаралық электронды кітапхананы (РЖЭК) құру бойынша жобаға қосылды.  eLIBRARY.RU порталында Ғылыми электронды кітапханамен (ҒЭК) лицензияланған келісім жасалды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханамен (ҚР ҰАК) жасалған келісімнің негізінде Қазақстан ұлттық электронды кітапхананың (ҚазҰЭК) қорларын насихаттау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда оқырмандарға 25 мыңнан астам РЖЭК қоры және 7 мыңнан астам құжаттары бар ҚазҰЭК қорлары қызмет көрсетеді. Аталмыш республикалық қорларда ПМПИ ғалымдарының да еңбектері ұсынылған. Кафедра өтінімдерінің негізінде ПМПИ ҒК толық мәтінді қорын толықтыру үшін ҚазҰЭК және РЖЭК қорларынан деректерді импорттау жүргізілуде. Институттың оқу үдерісін, ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Қазақстанның және Павлодар облысының ірі кітапханаларымен кітапханааралық абонемент пен құжаттарды электронды жеткізуді пайдалану бойынша келісім жасалды.

ПМПИ ғылыми кітапханасы шетелдік ғылыми журналдардың белгілі дерекқорларына оқырмандардың қол жеткізу мүмкіндігін беретін Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының құрамына кіреді.

Аймақтық білім беру кеңістігінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасы педагогикалық және мектеп білімінің маңызды ақпараттық ресурсының рөлін атқарады.

Павлодар облысының мектеп мұғалімдеріне институт ғылыми кітапханасының ақпараттық қорлары мен кітапханалық қызметтеріне еркін қол жеткізу құқығы беріледі. ПМПИ кітапханашылары  оқу залдарында қызмет көрсетуден басқа, мектептердің өтінімдері бойынша көшпелі әдебиет көрмелерін ұйымдастырады, проблемалық-тақырыптық педагогикалық кеңестерге дереккөздерді іріктейді, мектеп кітапханашылары өткізетін ақпарат күндерге қатысады.  

ПМПИ кітапхана ұжымы мектеп кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсетеді, үйрету тренингтері мен семинарлар өткізеді, кітапхана мамандарына ағымды жеке кеңестер береді,  мектеп кітапханаларына арналған әр түрлі әдістемелік материалдарды шығарады, мектеп кітапханашыларының авторлық бағдарламалары мен енгізу жобаларына ғылыми-әдістемелік  қостауды жүзеге асырады.

Инновациялық жоба ретінде ғылыми кітапхана негізінде мектеп кітапханаларын әдістемелік қолдау қоғамдық орталығы құрылып табысты жұмыс істеуде. Орталық Павлодар облысы педагог кадрларының біліктілігін арттыру институтымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

: