A+ A A-

АКАДЕМИК Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

    Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы 11 мамырда Пав­лодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бұл революцияға дейінгі Павлодар уезі Ақбеттау болысы №2 ауылы. 1985жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болып, сонда жерленді.

    1915 ж. - Баянауылда үш кластық орыс мектебіне түсті;

    1920 жж. - Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқиды4;

    192І жж. - Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болды;

    1925 жж. - Семейдегі педагогикалық техникумның тындаушысы. «Таң» журналы «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет аткарады;

    1925 ж. - Семей педагогикалық техникумын аяктады;

    1929 жж. - Ленинградтағы Шығыс институтының тарих-филология және түркітану факультетінде қатар оқыды;

    1928 ж. - Өнер институтына да жазылады;

    1927 жж. - СССР Ғылым академиясының одактас және автономиялық  республикаларды зерттеу жөніндегі ерекше комитеті Қазакстан және С. Руденко бастаған Алтай экспедицияларының жұмысына қатысты;

    1931 жж. Қазақ ССР Оқу ағарту комиссарнатының жанындағы терминологиялық комиссияның ғылыми хатшысы.

    1934 жж. - Ленинградтағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты;

    1931-1935 жж. - Шығыс институтының оқытушысы;

    1936-1938 жж. - Москвадағы материалдық мәдениет тари­хы институтының ізденушісі және ғылыми қызметкері;

    1938 ж. - Алматыда СССР ҒА-ның бөлімшесінің ашылуына байланысты тарих саласы бойынша аса білгір ғалым ретінде елге шақырылады;

    1941 жж. - СССР Ғылым академиясының Қазақ фи­лиалы Тарих институтының аға ғылыми кызметкері;

    1941 жж. - оның «Мәшһүр Жүсіп мұрасындағы түркі эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлшіер Навои және: қазақ мәдениеті», «Мұхамет Хайдар - тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы» сияқты еңбектері жарық көрді;

    ж. Қажым Жұмалиевпен бірге «Қазақ әдебиеті» оқулығын жазды;

    1946 жж.  - СССР FA-ның Қазақ филиалынын Тарих бөлімінің меңгерушісі;

    1943 ж. - тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта диссертация корғады;

    ж. - Қазақ ССР Жоғары Советі грамотасымен марапатталды;

    1945 ж. - «1945-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік енбегі үшін» медалімен марапатталды;

    1945 ж. - филология ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Қазақ халқының эпикалык жыр-дастандары» деген тақырыпта диссертация корғады;

    ж. СССР Ғылым академиясынын Құрмет грамотасымен марапатталды;

    ж. Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспон­дент мүшесі болып сайланды;

    1947 жж. - Қазақ ССР FA-ның Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтынын археология секторынын меңгерушісі;

    1950 жж. - Қазақ ССР ҒА-ның Тарих, археология және этнография институтының археология секторының па­леолит бөлімінің меңгерушісі;

    1951 жж. - Қазақ ССР ҒА-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтынын археология секторынын меңгерушісі;

    1953 жж. - Қазак ССР FA-ның Тарих, археология және этнография институтынын аға ғылыми қызметкері;

    1953-1955 жж. - Қазақ ССР ҒА-ның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтынын аға ғылыми қызметкері;

    1955 ж. - Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

    1955-1958 жж. - Қазақ ССР FA-ның Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтынын аға ғылыми қызметкері;

    1958 ж. - Қазақ ССР ҒА-ның толық мүшесі (академик);

    Оның басқаруымен Шоқан Уәлихановтың таңдамалы еңбектері жарық көрді;

    1958-1976 жж. - Қазақ ССР ҒА-ның Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі;

    ж. Профессор атағы берілді;

    ж. Қазақ ССР-інін еңбек сіңірген ғылым кайраткері атағы берілді;

    1964 ж. - Қазақ ССР Жоғарғы Советі Құрмет грамотасы­мен марапатталды;

    1967 ж. - «Орталық Қазақстанның көне мәдениеті» атты монографиясы үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР FA-ның сыйлығына ие болды. Осы жылы Ленин орденімен марапатталды;

    1970 ж. - «Ерлік енбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медалімен марапатталды;

    ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды;

    1976 жылдан - 1984 жылға дейін Қазак ССР FA-ның Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінін аға ғылыми қызметкері;

    1982 ж. - Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;

    ж. Халықтар достығы орденімен марапатталды;

    JUX Background Video - модуль joomla Книги
    Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты | Маргулан, Алькей Хаканович