A+ A A-

АКАДЕМИК Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

    Әлкей Хақанұлы Марғұлан - көрнекті ғалым Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым кайраткері, ғалым- археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, коғам қайраткері. Оны толғандырған мәселелер ауқымы өте кең. Қазақ халқының бағына біткен біртуар ұлы, көзі тірісінде аңызға айналып, ғүлама атанған.

    Әлкей Хақанұлы: «менің ғалым болып қалыптасуыма өскен ортамдағы адамдар әсер етті, олар: С. Торайғыров, Әбікей және Қаныш Сәтбаевтар, Хәкім Иманбеков, Жағыпар Секербаев және Жаяу Мұса»-дейді.

    Алғашқыда ауылдық мектепте оқып, бастауыш білім алды. 1915 ж. Баянауылда ауылдық қоғам ұйымдастырған үш кластық орыс мектебіне түсті. 1919 жылдың соңында Павло­дар қаласындағы мұғалімдік курсқа түсіп, оны 1920 жылы бітіргеннен кейін туған ауылына қайта оралып, 1-дәрежелі 2- ші Далба мектебінде мұғалім болып істеді. Бірақ ғалымның дүниелік ұғымы мен танымы, жан-жақтылығы ешкімге ұқсамайтының байқаған Әбікей Сәтбаев Семейдегі педагогикалық техникумға жолдама береді. Семейде оқып жүргенде Әлкей Марғұлан Мұхтар Әуезовпен танысып, онымен бірге Абай атамыздын туған жеріне барып, баласы Тұрағұлмен танысып, этнографиялық мәлімет жинайды. Техникумды 1925 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

    Семейде оқып жүрген кезінде Әлкей Хақанұлы «Таң» журналы, «Қазақ тілі» газетінің редакцияларымен тыгыз байланыста болып, олардың тапсырмаларын орындап тұрды.1925 жылы М.О. Әуезовтың акыл-кеңесі бойынша Ә.Х. Марғұлан Ленинградтағы Шығыс институтының түркология бөліміне окуға түседі, сонымаен бірге бірнеше ғұлама- лардың кеңесі бойынша тарих-филология факультеттерінде қатар оқиды. 1928 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан Өнер институтына да жазылады. Ә. X. Марғұланның ұстаздарының катарында көптеген белглі ғалымдар болды. Оның ішінде әсіресе Орта Азия тарихы мен археологиясы жайында акаде­мик В.В. Бартольдтың, Индия фольклоры мен өнері туралы академик С Ф. Ольденбургтың, араб тарихи әдебиеті туралы И.Ю. Крачковскийдің, тіл білімінің тарихы мен теориясы ту­ралы, Н.Я. Маррдың, Орта Азиядагы түркі халықтарының әдебиеті жайында академик А.Н Самойловичтың лекциялары, сонымен бірге академиктер: В.В Струве, Б.Я Владимирцов, И И Мещанинов, В.Л. ІЦерба және Е.Э. Бертельс, С.Е. Ма­лое, Б.М. Эйхенбаум сияқты белгілі ғалымдардың мазмұнды лекциялары Ә.Х. Марғұланның жан-жақты, терең білім алуына көмектесіп, ғылымға деген өлшеусіз құштарлығын оятты. Ол тек студент болып ұстаздарының дәрісін тыңдап кой- ған жок, өзі де ғылыми-зерттеу жұмысына кызу кірісті.

    Ленинградта оқып жүрген кезінен бастап, Ә.Х. Марғұлан қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жан-жакты зерттеп, әдеби және архив деректерін жинады. Осы жылдарда ол көркем әдебиет саласында да біраз іс тындырды. Оның аудармасы бойынша қазақ қауымы орыстың және шетел жазушыларының көркем шығармаларымен танысты.

    Әлкей Хақанұлының зерттеушілік жұмысқа баулыған адамдардың бірі Лагерьде жүріп техника ғылымдарынын докторы атағын алған, 50-ші жылдары таулы Алтайдағы сақтардың Пазырық корғандарын қазып дүние жүзілік жаналықтар ашқан атақты С.И. Руденко.

    1927 жылдары Ә.Х.Марғұлан СССР Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитетінің академигі А.Е. Ферсманның және профессор С И. Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай экспедицияларының жұмысына қатынасты. Оның қазақ мәдениеті мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жетік білетіндігі экспедицияның ант- ропологиялық отрядының жұмысына өлшеусіз септігін тигізді. Экспедиция барысында Ә.Марғұлан Ә.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлесіп қызмет жасады. Осы экспедициялық зерттеудің нәтижесінде Ә.Бөкейханов адайларға байланысты мақаласын жариялады. Сонымен қатар Ә.Марғұланның да наймандар мен адайлар туралы жазған алғашқы ғылыми мақалалары да баспа жүзін көрді.

    1929 жылы Ә.Х. Марғұлан Абай творчествосы туралы жазылған диплом жүмысын ойдағыдай корғап, институтты бітірді. Одан соң ол Қазақ ССР Оқу ағарту Комиссариаты- ның жанындағы Жаңа алфавит комитетінде қызмет істейді. 1931 жылы Әлкей Хақанұлы Ленинградтағы Мемлекетгік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасына түседі. Аспнрантурада оқи жүріп, академик С.Ф. Ольденбургтын және СССР ҒА корреспондшт мүшесі А.Ю. Якубовскийдің басшылығымен Шығыс елдеріне байланысты деректерді зерттейді. Шығыс Түркістан археологиясы мен өнері бойынша маманданады, көрнекті археолог ғалымдар С.И Ру­денко, М П. Грязнов, А.А. Миллер, Н И. Репниковтар басқарған бірнеше археологиялық экспедициялардың жұмысына қаты насады.

    Кандидаттық диссертациясын Ә. Х. Марғұлан «Хандар жарлығынын тарихи маңызы» атты такырыпта корғады. Бұл зерттеу қыпшақтардың жазба ескерткіштерін зерттеудің ең алғашқы бастамасы болды. Әлкей Хақанұлы кыпшақ мәселесін қазақ халқының шығу тегінің шешуші кілті есебінде бағалады. 1943 жылы ол кандидаттық диссертаңиясын ойдағыдай қорғап шықты.

    1938 жылы Алматыда СССР ғылым академиясынын бөлімшесінің ашылуына байланысты тарих саласы бойынша білгір, сауатты ғалым ретінде Әлкей Марғұлан елге шакыртылады. Қазақстан ғылымы мен ғалымдары бастарынан ауыр күндерді кешіп жатқан болатын, 1937 жылғы қырғын қазақтың тарих пен әдебиетінің жүгін көтеріп жүрген ғалымдардың көпшілігін жойды. Қазақ елінің рухани жүдеушілігі басталды. Бұл апаттан елді аман алып шығуға Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, Ә. Марғұландар белсене кірісті. Ә.Марғұланның алдына қойған міндеті әр қилы еді - біріншіден, тарих, археоло­гия, этнография ғылымдарын жүйелеп бір жолға қою, ел іші ескерткіштерді зерттеуге ірі экспедицияларды ұйымдастыру, ғылымға бейімді жастарды тәрбиелеу, тарихтың әр саласынан, әдебиеттен монографиялық еңбектер жазу.

    Өзінің 1938-1985 жылдар аралығындағы Қазақ акаде­миясынын қара шаңырағындағы қызметінде осы міндеттердің бәрін атқарып шықты.

    Ғылымның гуманитарлық бағыггарында Ә.Х. Марғұлан араласпаған шаруа жоқ деп айтуға болады. Ең бастысы қазақтын жүздеген ғылымның әр саласына көз тігіп жүрген азаматтары Әлекеңнің ақыл-кеңесін алды, ғылымға төселді, ғылымның қиындығына, еңбегіне үйренді, жанында жүрген ұлы ғалымға ұқсап бағуға тырысты.

    1938 жылдан бастап СССР ҒА - ның Қазақ филиалында, кейін Қазақ ССР Ғылым академиясы болып құрылған фи­лиал жүйесінде үздіксіз кызмет атқарады. 1941-1946 жылда­ры археология секторын, ал 1957 жылдан 1976 жылдарга дейін Қазақ ССР ҒА-ның Ш. Уәлихаиов атындағы Тарих, археоло­гия және этнография институтының этнография бөлімш басқарады 1976 жылдан ол палеолит бөлімінің аға қызметкері.

    1945 жылы Ә.Марғұлан қазақ ғылымының тарихында алғаш рет қазақтың ерлік жырларынан докторлық диссертациясын «Қазақ халқының эпикалық жырлары» деген тақырыпта корғады. Осы күнге дейін бұл еңбекке жақын, деңгейлес жасалған жұмыс ғылымда жоқ. Бұл жұмыс Әлекеңнің талай жылдық еңбегінің бір қорытындысы.

    Академик Ә. Х. Марғұлан қазақ халқының этникалық тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең және кең ауқымда зерттеген үлкен ғұлама. Бұған көп жағдайда оның Ленинградта оқыған кезінде сан- алуан ғылымдар саласын жете меңгеріп, лингвистика, фило­логия, өнер, тарих, археология және этнография пәндерінен ойына тоқыған кыруар білім, таным қорларының молдығының көмектескендігі даусыз. Сайып келгенде мұның бәрі оның табиғи ақыл-ой парасаты, ерен еңбекқорлығына берік ұштасып, Ә. Марғұланның Қазақстан ғылымының көптеген салаларының, атап айтқанда кола дәуірі мен орта ғасырлық археологияның, Қазақстан жерінде мекендеген көне халықтар тарихынын қазақ халкының мәдениет және өнер тарихының, этнографиясы мен археологиясының негізін салушы ретінде құрметке бөлінуі әбден заңды. Ол 40-шы жылдардың басынан бастап көне жазба ескерткіштерді және қазақ халқының рухани мәдениеті фольклорын жан-жақты зерттеумен бірге Қазақстан жеріндегі археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіру, табу және зерттеу ісін алғашқылардың бірі болып бастады. Әлкей Хақанұлы Қазақстан жеріндегі көне сауда жолдары мен көш соқпақтарын бойлай өтіп, кең-байтақ шөлді далалардан, құлазыған құмдардан ондаған жаңа археология­лық ескерткіштер тауып, оларды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп, ғылым әлеміне танытты. Ә.Х. Марғұланның ғылыми ізденістерінің нәтижесінде Қазакстанды археологиялық және этнографиялық зерттеулердің берік іргетасы қаланып, Қазақстанда көне мәдениеттің көптеген іздері табылды. Бұрынғы көптеген зерттеушілер мен саяхатшылардың Қазақстан жерін ежелден бері көшпенділердің бірнеше көш жолдары ғана кесіп өтетін тіршіліксіз құба жон деген пікірлерінің теріс екендігі дәлелденді. Қазақстан жерінде тіршіліктің, көне мәдениеттің болғандығын, бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты олар үзіліп, көне қоныстарды құм басқанын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Талас және Шу өзендерінің бойынан көне қола мәдениеттің іздерін ашты. Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларында археоло­гиялық қазба жұмыстарын жүргізумен бірге сан алуан көне аңыз әңгімелер, ертегілер мен эпикалық жырлар нұсқаларын ел арасынан көптеп жинады, қазақтың материалдық және рухани мәдениетімен де жете шұғылданады.

    41 жж. Ә.Марғұлан оннан аса ғылыми еңбек жазды. Әлекеңнің ой-өрісіне таң қаласыз - Мәшһүр Жүсіп мұрасы, түркі эпосы, соның ішінде Едіге мен Орақ - Мамай тура- лы, Әлішер Навои және қазақ мәдениеті, Мұхамед Хайдар - тарихшы, Шоқан Уәлиханов  Орта Азия тарихы, Суворов, Жамбыл Жабаев т.т. Бүған қоса Қазақстан ғылымы жөнінде, соның ішінде тарих бөлімінің болашағы жөнінде жазған мақалалары өте кұнды. Мүмкін соңғы тізімге кірген дүниелер заманның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру максатында жазылған шығар. Бірақ Әлекең соған қарамастан негізгі міндетті яғни халық тарихының кайнар көзі, төл де терең такырыптарды елге таныстыруды бір сәт те естен шығармаған. 1941 жылы Ә.Марғұлан Қ.Жұмалиевпен бірге «Қазақ әдебиетінің» оқулығын жазды. Орта мектептің 8-ші сыныбына арналған ауыз әдебиеті нұсқаларын талдау. Көлемі 160-бет.

    Ғұлама үшін 40-жылдардың аяғы ауыр тиді. Оның бірнеше рет қудалауға ұшырайтыны, ақыры емханаға ауыр диагнозбен түсіп, соңында бәрін койып таза археологияға кетуі де осы жылдар дүрбелеңі себеп болды.

    1940 жылдардың аяғында газет бетінде қазақтың ұлтшылдығы туралы, соның ішінде жеке айтсақ  Е. Бекмахановты, Б. Сүлейменовты, Е. Ысмайловты, К. Жұмалиевті,

    А.Мәметованы қаралаған, жау санаған мақалалар аз емес. Бірнеше мақала мен Қазақстан ЦК КП /б/ жарлықтарынан таңдап Б. Степанов мақаласынан бірнеше сөйлемдер ұсынуға болады бұл бір жағынан біздің қоғамдық ғылымдарды әбден тұралатқан партиялық және әлі арыла алмай келе жатқан нәрсе - ұлттық нигилизмді тәрбиелеуге байланысты.

    Б. Степановтын мақаласы 1947 жылдың қаңтарында “Большевик Казахстана” журналында шықты. Содан бастап 50-ші жылдардың ортасына дейін қуғын-сүргіннен бос бол­маған күндері шамалы. 1953 жылы Сталин жаны жаһаннамға кетіп, қазақ зиялыларына төнген қанды шеңгел босағандай болды.

    Еш жазықсыз, үздіксіз қудалаудан қазақ зиялылары әбден запы болды, Қаныш пен Мұхтар бастаған қазақтың интеллектуалды күші жан сауғалап жан-жаққа бытырап кетті. Көпшілігі көрші республикаларға, тіпті таза орыс, Ресей ішіне еніп кетті. Марғұлан болса Сарайшықтан келе жатып Қызылордада ұсталды, одан емханаға түсті, қазақ ғылымын осыншама қорлаған үкімет саясатын түсіне алмай-ақ қойды. Ғылымсыз қалай ел болмақпыз, ғалым елдің еркесі болмас па, қаншама жылдар бойы көз майын тауысып қаракөлеңке лабораторияларда жүргенде, айлар бойы архив қазынасын ақтарып тапжылмай отыратын шақтардың бір қайтымы бол­мас па? Егер қазақ сияқты ұлт өз тарихынан мақұрым болса, өз эпостарынан қол үзсе ел болудан қалады. Рухани жүде- ушілік деп міне осыны айтар болар. Ел рухына негіз болар тарих санасы, ұрпақ алдында жауаптылығы, дамыған әдебиеті мен ұлттық мәдениеті. Рухсыз ел парықсыз ел, шаруа- шылықты жөндесек, экономикамыз алға басса өзінен-өзі рухты боламыз деген пікір таяз, үстірт адамдардың жұтаң қағидасы. Мүмкін ұлы Әлекең қиындық кешкен осы ойлардың жетегіне ерген шығар.

    Тағы бір ғылыми шығармашылығына байланысты айта кететін жайт 1946 жылға жататын «Сырым батыр» атты шықпай калған мақаласы. Бұл еңбек ҚР ҰFA орталық ғылы­ми кітапханасында қолжазба түрінде сақталған. Мақалада ол қазақ тарихшыларынан бірінші болып С.Датұлының қозғалысына ұлт-азаттық сипат берген.

    Ғылымдағы осы тоқырау Әлекеңді біржола археологиямен айналысуға мәжбүр етті. Марғұлан құрған Орталық Қазақстан экспедициясы 40 жыл бойы шетсіз-шексіз ұлы да- ланы ерінбей аралады. Ұлы ғалым негізін салған бұл ғылыми орта, қысқартып ЦКАЭ дейтін көбінесе, ұлан даладағы көне мәдениет нұсқаларын алғаш рет ғылыми қағаз бетіне іліктірді. Марғұлан мен оның шәкірттерінің әсіресе шұқшня зерттегені қола дәуірінен сакталған мұрағаттар. Біздің қазіргі күнімізде төрт мың жыл бұрын қазақ даласы қола мәдениетінің жойқын ортадығы болған-мыңдаған ірі қорғандар, қала-қоныс орындары, кен өндірген күрделі шаруашылық алаңдары, су жинайтын алапат бөгетгер Орталық Қазақстанның бір өзінен Әлекең бастаған экспедиция алпыстан астам қоныстың орнын зерттеді. Ә.Марғұланның және онын шәкірттерінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде бұрын, оның өз сөзімен айтканда Алтай және Қара теңіз жағасындағы далада болған екі көне өркениеттің аралығында кыспақта тұншыққан, тіршіліксіз Орталық теңіз сияқтанған Орталық Қазақстан ғылым үшін маңызды көне мәдениет және өркениет ошағы ретінде кайта ашылды.

    30 жылдан астам уақыт ішінде Ә. Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстанда жүйелі түрде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, қола дәуірінің және көшпенді тайпалардың мәдениеті жан-жақты зерттелді. Қазіргі күнде                        Ә. Марғұланның ғылыми еңбектерінің арқасында сақтар мәдениеті андрон мәдениетінің занды жалғасы екендігі толық дәлелденсе, бұл екі мәдениеттің арасында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің, дәнекерлік рөл атқаратындығы ғылыми тұрғыда анықталды. Орталық Қазақстанда жүргізген археолоғиялық зерттеулердің алғашқы қорытындысы есебінде Ә.Марғұланның басқаруымен және оның тікелей қатысуымен жазылған монографиялық еңбек Орталық Қазақстанның көне мәдениетін талдауға арналған. Бұл зерттеу 1967 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР ҒА-ның сыйлығына ие болды. Орталық Қазақстанда археологиялық зерттеудің екінші кезеңі Әлкей Хақанұлының Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы арнайы монографиясы мен бес томдық Қазақ ССР тарихында карастырылған. Қазақ ССР тарихының бес томдығының жетекші авторының бірі ретінде Әлкей Хақанұлына 1982 жылы Қазақ ССР Мемлекетгік сыйлығы берілді.

    Ә. Марғұланның «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты кітабының басылып шығуы pecпубликаның ғылыми өміріндегі үлкен оқиға болды. Бір қуаныштысы, ғалым еңбегі зая кеткен жоқ - ел құрметіне бөленді. Тоталитаризмнің тұралап қалған ел рухы осылай оянған-ақ қазақ ғылымының беделін де сақтап қалған Әлекең болатын. Әлекең Сарыарқа даласында аңыз болып айтылды, ертегінің кейіпкеріндей дәріптелді. Халық ықыласы Марғұланды жаңа тақырыптарға жетеледі-ол қазақтың төл тари­хы, төл мәдениеті, төл өнері. Тарихшы аталатын қауымдастықтың 95%-і партия, совет тарихына түсіп кеткенде төл тарихтың жүгін Әлекең жалғыз көтерген кара нар еді.

    Марғұланның этнография, археология, архитектура тақырыбына жазылған, әлі жас ғалымдардың іздеп жүріп окитын ондаған мақаласы сол жылдары жазылды. Тек мақаламен шектелмей кітаптарын шығарды. Олардын ішінен, осы күнге дейін маңыздылығын жоғалтпаған «Көне қазақ жерінің қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» (1950 ж.) кітабын ерекше бөліп айтуға болады. Әлекен бір ғажабы қолы қалт еткенде жас қазақтардың тәрбиесін ойлап-өзі ашқан жаңалықтары туралы, қазақтың бұрынғы соңғы кезеңдері туралы, ғылымның әр саласының ерекшеліктерін баян етіп әр түрлі қазақ басылымдарына, соның ішінде балаларға арналған журналдарға да мақала беріп отыратын. Әлекең 1955 жылдан бастап Абай мен Шоқан тақырыбына қайта оралды және көптеген жылдар бойы жинақтаған деректері бар, архив қазынасы, этнографиялық мәліметтер оған қоса ел аралағанда, тарихи фольклор: аңыз-шежірелерін жазған бәрін жинақтай бастайды. Марғұланның басқаруымен 1958 жылы Шоқанның таңдамалысы жарық көрді. 1957-1967 жылдарда Ә. Mapғұланның басшылығымен Ш. Уәлихановтың бес томдық академиялык жинағы дайындалды. Бұл ұлан-ғайыр еңбекті атқаруға Әлекеңе дем берген Мұхтар мен Қаныш сияқты қазақтың аяулы азаматтары.

    Әлекең бүкіл СССР-дегі архивтерді ақтарып отырып Шоқанның каламынан туған 300-дей шығармасын тапты. Оларды ғылыми редакциялады, бүкіл қара жұмысын атқар- ды, ал Шоқан жазбаларының көпшілігі бұрын жарық көрмегенін ескерсек, жазуының қиындығын ойлау жүйесінің тым еркіндігін, кей жұмысының шала аяқталғанын ескерсек Әлекең атқарған жұмыс бағасы белгілі болады. Бұл шаруа ондаған жылдарға созылды-соның нәтижесіне ғұлама Шоқан туралы 300 беттен аса өмірбаяндық кітап жазып қолжазбасын қалдырды. Шоқан Уәлихановтың 150 жылдығына байланысты бес томдық кайта басылғанда Әлекең қартайса да игі істің басында жүрді. Бірақ, Әлекең өзі айтқандай орыстың әскери ведомстволарында жатқан көптеген қағаздар қолға түспеді. Шоқан мұрасын көп жылдар бойы зерттеудің заңды жалғасы ретінде Ә. Марғұлан «Шоқан мен Манас» атты монографияны жазуға қыруар еңбек сіңірді. Бұл жұмыста Әлкей Хақанұлы кырғыз эпосы «Манастың» әр түрлі нұсқаларын салыстыра отырып зерттеудің нәтижесінде «Манас» эпосына ғылыми талдау жасады. Ш. Уәлихановтын «Манасты» зер- ттеуге қосқан үлесін де анықтай түсті. Ал Абай туралы жинаған ашқан деректері мақалалар түрінде қалды, көпшілігі архивтен жиналған дүниелер, мүмкін ұлы Абайдың келесі мерей тойына орай Марғұлан деректерін жеке кітап қылып жариялаған орынды болар.

    Ә. Марғұлан Қазақстанның мәдениет тарихын зерттеу мәселесін ешқашанда өз назарынан тыс қалдырған емес басқа авторлармен бірге Қазақстанның орта ғасырлық архитектурасының тарихы туралы түбегейлі ғылыми монографияны бастырып шығарды. Қазақтың қөленеpi жайында үш томдық үлкен еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбек көп жылдар бойы экспедиция кезінде ел арасынан, музейлер қорынан, архив қоймаларынан және тарихына байланысты баспа жүзін көрген әдеби шығармалардан ерінбей жинаған накты деректердің негізінде жазылған.

    Бірнеше жыл этнография бөлімін басқара отырып Ә. Марғұлан Қазақстанда этнография ғылымының дамуына да айтарлықтай ықпал етті. Оның басшылығымен және тікелей катынасуымен «Қазақ колхозды ауылының мәдениеті мен тұрмысы» атты үлкен монографиялық енбегі басылып шық­ты, Ол Қазақстанда этнограф, археолог және тарихшы ғалымдардың сан ұрпағын дайындады, шәкірттерінің ішінде белгілі археологтар мен этнографтар аз емес. Оның ішінде темір дәуірінің алғашқы кезеңін зерттеуіші М.Қ.Қадырбаев, көне түрік дәуірінің зертгеушісі Ф.Арыстанов, қазақтардың этникалық тарихын зерттеуші М.С.Мұқанов, қыпшақтардың этникалық тұтастығын зерттеуші С.М.Ақынжанов, қазақтар­дың отбасы-некелік қатынастарын зерттеуші Х А.Арғынбаев, исламға дейінгі діни сенімдер мәселесін зерттеуші С.Акатаев т.б. айтуға болады.

    Ә. Марғұлан үлкен ғылыми, педагогикалық еңбекті ұйымдастыру ісімен де шебер ұштастыра біледі. Ол көп жыл­дар бойы Этнография бөлімін басқарды, қазақ халқының шығу тегі туралы Координациялық кеңесті басқарды, онымен бірге Қазақ ССР тарихының барлық басылымдарында редколлегия мүшесі болды, Қазақ ССР FA Тарих, археология және этнография институтының Ғылыми кеңесінің, Маманданған докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау кеңестерінің мүшелері болды.

    Ә.Марғұлан дүние жүзі ғалымдарының сан алуан жиындарында, конгрестер мен симпозиумдарда ғылыми баяндамалар жасады. Әсіресе шығыстанушылардың XXV конгресінде «Орталық Қазақстанның жаңа табылған қола дәуірінің ескерткіштері», VII- VIII антропология және этнография ғылымдарының дүниежүзілік конгрестерінде жасаған «Қазақ киіз үйі», «Қазақстанның исламға дейінгі архитектурасы» атты баяндамалары ғылымға қосқан үлкен үлес ретінде жоғары бағаланып, ғалымдар назарын бірден аударды. Ә.Марғұлан шетелдік шығыстанушы, археолог және этнограф ғалымдармен тығыз байланыс жүргізеді. Оның ғылыми еңбектерінің бірқатары шет тілдеріне де аударылған.

    Ә. Марғұлан Отанымыздың көптеғен ғылыми мекемелермен тығыз байланыс жасауға көп көңіл бөледі. Оны Москва, Ленинград, Новосибирск, Ташкент, Фрунзе және Душанбе қалаларына сан рет диссертациялық жұмыстарға оппоненттілікке шақырған. Ол Қазақстанның тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне ат салысып, көптеген пайдалы кеңестер берді, ғылым табыстарын радио, теледидар хабарлары арқылы уағыздау ісіне де көп көңіл бөлді.

    Қарап отырсақ ғұламаның көзі тірісінде 400-ден аса әр түрлі ғылыми еңбектері жарық көріпті. Жоғарыда айтылғандармен қоса қола дәуірінің тамаша, жарқын сәттерін суреттейтін «Древняя культура Центрального Казахстана» және қазақ даласында көшпелі өмір салтының қалыптасу кезеңіне арналған «Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» атты монографиялық еңбектері дүние жүзіне белгілі. Қазақ археологиялық әдебиетінің шыны іспеттес дүниелер. Әлекеңнің өнер саласында жазған еңбектері бірсыдырғы жарияланған сияқты, әсіресе «Казахское прикладное искусство» атты үш томдығы тендессіз еңбек. Халық эпосына байланысты әр түрлі мақалалары қазақтың мерзімдік баспасөзінде, сонын ішінде “Жұлдыз” журналында жиі жарық көріп жүрді. Әлекеңнің Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев ту­ралы естеліктерінің орыны және бөлек.

    Марғұлан мұрасымен жете танысқан уақытымызда аңғарғанымыз Әлекеңнің жас шағында жарияланған бірсыпыра дүниесі әлі еленбей жүрген сияқты. Ол студент кезінің өзінде өндіріп еңбек еткені белгілі. Тіпті сол кезден жасаған аудармаларының қайсыбірі еске алынбайды. Мысалы “Ер Тарғын” жырын қазақшадан толық түрінде алғаш орысшаға түсірген Әлекең еді. Тек жалғыз Шоқан жөнінде 50-ден аса мақала жазыпты. Ғұлама бес аспап болған керек болса қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аудара берген. Ал Шығыс институтына сабақ бергені жөнінде де көп айтыла бермейді, Әлекең аспирант кезінде бұл институттың студентеріне түрік тілдері, соның ішінде өзбек, қазақ тілдерінен дәріс берген. Жалпы, әлі күнге Әлекеңнің өмірбаянына байланысты тынғылықты жұмыс жоқтын касы.

    Әлекеңнің қаламынан соңғы туған дүние “Орталық Қазақстан архитектурасы” деп аталады екен. Әлде, ғұлама бұл кітапты өмір бойы жазды ма екен, әдеиілеп созды ма екен белгісіз.

    Ә.Х. Марғұланның жетекшілігімен 50-ден астам кандидаттық және докторлық диссертациялар корғалды. 1946 жылдан корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан академик, ал 1960 жылдан профессорлық берілді. Бүкілодактық Географиялық қоғамның мүшесі болып, қазақтардың этногенезі бой­ынша Координациялық Кеңесті басқарды.

    Ғылымдағы үздіксіз табыстары үшін ол Ленин, Еңбек Кызыл Ту және Халықтар достығы ордендері мен «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарымен және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен СССР ҒА-ның, ЛКЖО ОК-нын Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1961 жылы оған Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді.

    Ғылымның сан саласын жете меңгерген парасатты ғұлама, Қазақстанда археология ғылымының негізін салушы зерделі зертгеуші-ғалым, ғылымның көрнекті ұйымдастыру- шысы, аяулы азамат және педагог Ә.Х.Марғұланды бүкіл қазақ жұртшылығы жақсы біледі, өзінің адал ұлдарының бірі есебінде құрмет тұтады.

    Другие материалы в этой категории: « Путь в большую науку
    JUX Background Video - модуль joomla Книги
    Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты | Маргулан, Алькей Хаканович