Ұлылар мұрасын игере білу ең алдымен кешегі тағдыр-тарихымызды терең тану үшін сол арқылы бүгініміздің мәнін жете парықтауымыз үшін керек. «Кешегіміз түгенделмей, бүгініміз бүтінделмейді»,- дейді алаштың ардақты азаматы Қошке Кемеңгеров.
Баянауыл өңірінде туып, ерте есейген Әлкей болашақта ұлтқа тірек болып, халқын кемел келешекке сүйрер алаштың арда ұлдары: Мұхтар, Қаныш, Жүсіпбектермен бірге өсті. Кешегі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп мұраларын рухани азық етті. Ленинградта оқып, дана Шоқан өткен жолды көрді. Осылайша көкірегін оятып, санасын сан ойға сабытқан Әлкей көп білетін әмбебап ғалымға айналды. Тарихи шежіренің, сәулет өнерінің, заттық мәдениеттің көзден таса, көңілден ұмыт болып қалған есекерткіштерін бүкіл саналы өмірінде ерінбей іздеумен болды.
Бұған ғұлама ғалымның шығармашылық ғұмырнамасы нақты дәлел болмақ.
Ел тарихында елеулi iз қалдырған, ержүрек батыр, қазақ халқының азаттық жолындағы күрескер тұлғаларының бiрi – Олжабай батыр.
Ол Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске белсене қатысқан, есімі Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, Жанатай, Жасыбай т.б. қазақ батырларымен қатар аталған. Олжабай Абылай ханның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттеріне елеулі үлес қосқан. Түркістан медресесінде оқып, араб, қалмақ тілдерін жетік меңгерген.
Олжабайдың ерекше мерген, әйгілі шешен баласы – Дулат би. Оның Арыстанбай, Ақболат, Марғұлан атты ұлдары болған. Марғұланнан – Асқар, Қожахмет, Рахмет, Хақан туады. Хақан – ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның әкесі. Хақаннан – Мәди, Әлкей, Маусым, Адаш дүреген. Мен осы Хақанның кіндігінен тараған Адаштың ұлымын.
2013 жылдың қазан айының соңында Олжабай Толыбайұлының 300 жылдығына орай Павлодар мемлекеттік университетінде ғылыми-практикалық конференция өтті. Осы конференцияға бабадан тараған ұрпақтың бірі ретінде мен де қатысып, ой-пікірімді білдірген болатынмын.
Ұлы ғұлама Марғұлан
Біздің даңқты жерлесіміз, ғылым докторы (1945 ж.), Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1946 ж.), академик (1958 ж.), профессор (1960 ж.), филолог, тарихшы, шығыстанушы, этнограф, археолог ғалым, әдебиетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, қоғам қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның (1904.03.11 – 1985. 01.12) өзі қандай дараланған тұлға болса, шыққан тегі, туған жері, өскен ортасы да сондай ерекше еді.
Әлкей Хақанұлының арғы, алтыншы бабасы – «Он сан Орта жүзге ұран болған Ер Олжабай», әжесі Әймен – Арқаның әйгілі күйшісі Тәттімбеттің туысы, әкесі Хақан – өз заманының белгілі сал-серісі болатын. Ол талай ұлыларды дүниеге әкелген киелі мекен Баянауылда туды. Бала кезінің өзінде Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Қаныштың әкесі Имантай секілді біртуар тұлғалардың көзіне түсіп, солардың батасын алды. Ол Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбікей және Қаныш Сәтбаевтар, Хәкім Иманбеков, Жағыпар Секербаев сияқты зиялылармен бір ортада өсті.
Болашақ ғалымның қарым-қабылетін бірден таныған ұстаз Әбікей Сәтбаев жасөспірім Әлкейге Семейдегі педагогикалық техникумға жолдама берген. Сонда оқып жүргенде ол Мұхтар Әуезовпен танысып, ажырамас дос болып кеткен. Мұхтармен бірге Абайдың туған жеріне барып, ұлы ақынның баласы Тұрағұлмен жолыққан, ел ішінен этнографиялық мәліметтер жинаған.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
Жезқазған қаласының тұрғыны, ақын Сақыпжамал ИСАБЕКОВА:
«АҢЫЗ АДАММЕН ЖҮЗДЕСУ - МЕН ҮШІН ҰМТЫЛМАС ӘСЕР БОЛДЫ
Сақыпжамал апай, біздің редакциямызға қош келдіңіз! Біздің оқырмандарымыз Сізді өлең өлкесіндегі ақындарымыздың қатарынан таниды. Сізді бүгін редакциямызға өнегелі өмірі жайлы кеңірек әңгімелейді, жас ұрпаққа тәлімі мол тәрбиелі ұлағатын айтады деген ниетпен шақырып отырмыз. Әуелі өзіңіздің балалық шағыңызға саяхат жасасақ?
Мен Жетіқоңыр жерінің «Күлік» деген .қыстағында дүниеге келіппін. Менің әкем – Өскенбай Ақжолұлы, осы жердегі «Қаратүзген» деген қыстақты өмірінің соңына дейін мекен еткен. Баққаны ғұмырының соңына дейін мал болса да, әкемнің бойында қолма– қол сөз қарастыра қоятын ақындығы бар, күмбірлетіп домбыра шертіп, күңірентіп қобыз тарта білетін өнері мен қатар, аса әңгімешіл, көне қисса-дастандарды жатқа соғатын, арабша сауаты бар, аласапыран кезеңдердің әр-түрлі оқиғаларын, көз алдына елестете тұрып, айта білетін, қадірлі де қасиетті адам болды. Жаңа ақындығы бар деп айтып едім ғой, өтірік болмасын, төрт жол өлеңін сөзім куә етейін! Екі жеңгем қатар босанып, екеуі де ұл туып, кейіннен өсіп, ойнай бастағанда, әкем екеуін алдына алып отырып, былай деп әзілдейтін:
Недавно завершилось издание трудов академика А.Х.Маргулана (1904–1985) в четырнадцати томах. Историк, этнограф, археолог обобщил доступные ему сведения по изучению древнего наследия прежних обитателей Степи. Названы имена не только признанных служителей науки, но и чистых краеведов с обособленным, чисто любознательским отношением к прошлому. Листаю первый том. В монографии «Бегазы – Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» трижды на страницах 33, 82 и 279 повторяется имя жительницы г. Каркаралинска Веры Евграфовны Ясинецкой (1891–1986), оказавшей серьезную помощь в изучении археологических памятников.
Письма В.Е.Ясинецкой за 1949 год находятся в Институте истории, археологии и Этнографии РК (фонд 2, дело 124). Академик, в частности, указывает: «В ее коллекции, хранящейся в Карагандинском краеведческом музее, немало интересных и редких орудий труда и предметов обихода, свидетельствующих о хозяйственной и культурной жизни Каркаралинского поселения в эпоху поздней бронзы. Среди них обломки глиняных сосудов, орудия горного дела, типа кайл, мотыг, клинов, топоров, рудодробильных орудий, различные типы пестов, молотов, ступок, каменные литейные формы, шлаки, каменные круги с отверстием в центре, каменные и бронзовые наконечники стрел. Основная их масса извлечена из обнажения в обрыве реки Каркаралинка.
Алькей Маргулан
Верю, придет время, когда портреты этого благородного и умнейшего, энциклопедически образованного человека, и исследователя земли казахской, будут висеть в залах исторических факультетов и кафедр высших учебных заведений независимого Казахстана. И молодежь будет подражать ему в образованности, интеллигентности, и полной самоотдачи тому делу, чему посвящена жизнь.
Советская историография, к сожалению, в отличие от российской дореволюционной историографии, не занималась глубоким изучением истории самых близких, сопредельных республик, его народов. Наоборот, всячески с«помощью» исторической науки выветривал ось национальное самосознание. народов, бывших колониальных окраин России. Активно внедрял ось изучение истории Российского государства с древнейших времен и европейских стран, а бывшие колониальные окраины, именуемые союзными республиками преподносились так, что вроде их история начинается только с Советской власти. В определенной степени это была правда, если брать во внимание только последний век-полтора, в каком состоянии пребывала казахская степь и народ, и что на этой земле сделано за 70 лет Советской власти. Отрицать то положительное, чего достиг Казахстан за годы Советской власти, было бы крайне несправедливым и необъективным. Желая ,сделать больше и лучше, осуждая негативное из прошлого своей жизни, не следует бездумно отрицать, охаивать все доброе, гуманное, цивилизованное, сделанное в ХХ веке на земле казахской. Но правдой является и другое - в желании превратить все нации и народности, проживающие на 1/6 части суши в единый «советский народ» как нацию в ХХ веке - отрицалась, замалчивалась, дискредитировалась, искажалась история этих народов в прошлых веках; по-существу, официально насаждался манкуртизм. Вот в, этой обстановке истинный ученый, академик Алькей Маргулан не вел словесных словопрений об истории. Образованный и мудрый человек, внешне совершенно далекий от политики, хорошо понимал, что его познания и аргументы в пользу истории Казахстана и его народа, доведут его в лучшем случае до Колымы, лагерей Гулага, но не до глубинных пластов археологических раскопок древнейших стойбищ, на основании которых он был в состоянии для будущих поколений показать и рассказать о материальном и духовном мире на земле предков. И он сделал свое великое дело. Это все в его научных трудах, изданных книгах и еще не полностью разобранных, расшифрованных архивах.
ЖАРҚЫН БЕЙНЕ
Шәмшиябану Сәтбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті
Ғажап ойшыл, біртума ғұлама Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985) ұланғайыр мұрасыН игілікті істеріН небір ғибраттарын жинап, тыянақты түсіндірмелерімен жабдықтап том-том етіп басып шығару, терең ғылыми тұрғыда жіті зерттеу, монографиялық еңбектер жазылу жүйелі түрде жүргізілсе ғана халық қазынасына айналатыны анық. Әлкей ағаның аяулы ғажап бейнесі қоғамның рухани қалпы биіктеуіне әр заманда дәнекерлеседі.
Ғұламаның қоғамдық ғылымдардың әр саласындағы бай мұрасын зерттеуге әр мамандықтар - тарих, археология, әлеуметтану, этнография, әдебиеттану, фольклористика, өлкетану - өкілдері қатынасуы заңды да қажет. Олардың ғылыми ізденістері сапалы, нәтижелі жемісті болуларына тілектестік білдіре отырып, Әлкей аға қазынасының көп қырының біріне ғана назарларыңызды сәл аудару керек сияқты. Ол - Әлкей Хақанүлы өз замандастарының - қадірлес, сыйлас, пікірлес, мақсаттас болған адамдарының - бір сыпырасы туралы естеліктер жазуы, жылы қарым-қатынас сәттерін, сұбхаттар мазмұнын, жекелеген көріністерді әңгімелеуі.